20-22 сәуір аралығында Гонконгта дзюдодан өтетін Азия чемпионатында ел намысын 18 балуан қорғайтын болды.
Спортты дамыту дирекциясынан мәліметінше, биылғы сары құрлық біріншілігінде ел атынан төмендегі спортшылар бақ сынамақ.
Ерлер:
- 60 келі. Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев
- 66 келі. Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали
- 73 келі. Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов
- 81 келі. Абылайхан Жұбаназар
- 100 келі. Нұрлыхан Шархан
- +100 келі. Ерасыл Қажыбаев.
Әйелдер:
- 48 келі. Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева
- 57 келі. Бақыт Құсақбаева
- 63 келі. Эсмигуль Куюлова
- 70 келі. Екатерина Токарева
- 78 келі. Маргарита Гриценко, Аруна Жангелдина
- + 78 келі. Кәмила Берліқаш, Ақерке Рамазанова.
Азия чемпионатында 1-орынға - 700 ұпай, күміс жүлдегерге - 490 ұпай, қола медаль алғандарға 350 ұпай беріледі.
2022 жылы Азия чемпионаты елорда төрінде ұйымдастырылып, онда отандастарымыз 1 алтын, 2 күміс, 6 қола еншілеген еді.
Жалпы, Қазақстан құрамасы 1993 жылдан бері Азия чемпионатына қатысып, 14 алтын, 24 күміс, 77 қола жүлде иеленген.