UFC-де орта салмақта өнер көрсетіп жүрген өзбекстандық файтер Нурсултон Рузибоев америкалық қарсыласын нокаутпен жеңді.
Атлантик-Ситиде (Нью-Джерси, АҚШ) өткен турнирде өзбек спортшысы америкалық Седрик Дюмамен октагонға шыққан. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Нурсултон алдымен апперкот соққысымен қарсыласын ұрып құлатып, артынша жерде жатқан қарсыласына соққыларын жаудырды. Төреші төбелесті уақытынан бұрын тоқтатты.
Айта кетейік, Нурсултон Рузибоев UFC-де былтырдан бері өнер көрсетіп келеді.
Nursulton Ruziboev scores the 1st Round TKO over Sedriques Dumas after Dumas protested an eye poke 😳#UFCAtlanticCity
— COMBAT SPORTS TODAY (@CSTodayNews) March 31, 2024
https://t.co/3n4xjRQeOn