Ол әлемдегі ең үздік сұрмерген баскетболшы болып саналады
Джеймс Леброн NBA тарихында алғаш болып 40 000 ұпай жинады (ВИДЕО)

40 жасқа аяқ басқан даңқты америкалық баскетболшы Джеймс Леброн NBA тарихында алғаш болып 40 мың ұпай жинады. Рекордтық көрсеткіш бүгін «Лос-Анджелес Лэйкерс» пен «Денвер Наггетс» арасындағы матчта тіркеліп отыр.

Аталған ойында 124:114 есебімен «Денвер» жеңіске жетті. Дегенмен, бұл Лебронның көңіл-күйін түсірген жоқ.

Джеймс Леброн NBA-да ойнап жүрген ең жасы үлкен баскетболшы. Ол аталған лигаға 2003 жылы келген.